Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  237


Автор: Айтқали Нәріков‎

Тыныштықты тілеймін

Көңілдің осы емес пе тасығаны,
Бақыттан айналып тұр басым әлі.
Жұмыстан шаршап келсем, балдырғаным,
Мойныма «әкелеп» кеп асылады.
Сол сәтте ұмыт болып шаршағаным,
Жұтқандай болам таза таң самалын.
Осылай сергіп қалам, тұрсадағы,
Қамалып қабағымда қаншама мұң.
Tap үйім бірден кеңіп кетеді де,
Ілесем ұшқыр қиял жетегіне.
Мен осы ойламаған шығармын-ау,
Балғын шақ басымнан тез өтеді деп.
Ал бұл кез шертіп сезім күміс қылын,
Кеудеме ұялаттым Күн ыстығын.
Ұлымды көкжиекке талпындырып,
Тілеймін жер-ананның тыныштығын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу