Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  194


Автор: Айтқали Нәріков‎

Туған шаңырақ

Қамауынан «қашып шығып» қаланың,
Кең құшағын аңсап келдім даланың.
Басқа жерде отырғанмен бас мүжіп,
Бұл ауылға әрқашан да баламын.
Өз жайына қашады да «ірілік»,
Елпеңдеймін, екі жеңді түрініп.
Әңгіме айтса аңыз кеуде аталар,
Отырамын сөздерінен сыр ұғып.
Мейлі, олар қымыз һәм, қалғысын,
Асу бермес сияқтанар қарлы шың.
Ұшыашарға оқып беріп жаңа жыр,
Мен олардың алып жүрмін алғысын.
Ақын болып, астана асып кет мейлі,
Сағынасың өзің өскен беткейді.
Қаншама сен «өсіп» кеттім десең де,
Туған шаңырақ аласалық етпейді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу