Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  163


Автор: Айтқали Нәріков‎

Текті болсаң

Көп адамдар мақсат тұтып биікті,
Осы жолда тоқыпты да, күйіпті.
Барын салып, жанын салып жүргенмен,
Ел-жұртына болмас бәрі сүйікті.
Екі басқа талант пен кісілік,
Екі басқа бұл туралы түсінік.
Бірі болса, екіншісі жетіспей,
Көп дарындар жүр беделін түсіріп.
Ал біреулер пip тұтып жүр ақшаны,
Қарынбайлық айтатыны, мақтаны.
Байлығыңа басымды шо көргем жоқ,
Бұл жағынан құдай мені сақтады.
Қарапайым тұрмысым мен тірлігім,
(Жас кезімнен арқаладым жыр жүгін).
Аластатып азғыратын шайтанды,
Тектілерге тура жүрер күн бүгін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу