Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  120


Автор: Айтқали Нәріков‎

Сол баяғы қағазбенен, қаламмен

Сол баяғы қағазбенен, қаламмен
Сырласамын, арасында алам дем.
«Қаладағы тіршілігің қалай?» деп,
Сынай қарап жатыр, әне, далам кеп.
Бірде өндіріп, бірде өндірмей ісімді,
Өтті күндер, сарқып бойдан күшімді.
Көп қайралған пышақтайын жұқартып,
Ой дегенің жүдетеді кісіңді.
Қарсы алдымнан кәріліктей «жау» шығып,
Өмірімді келе жатыр қаусырып.
Бәрінен де жерінемін кей кезде,
Отырамын өз-өзімнен таусылып.
Бірақ. Бірақ. Қиял қашан көз ілді,
Қайда қоям тіні нәзік сезімді?
Ораламын қазығыма қайтадан,
Серік етіп темір тектес төзімді.
Өтіп жатыр жайдары күн, мұнар күн.
Уақытқа, айтшы, қарсы тұрар кім!
Елікмінез өлең-қызга ғашық боп,
Өле-өлгенше өтетұғын шығармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу