Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  97


Автор: Айтқали Нәріков‎

Сенсіз...

Құйса да жаңбыр «шелектеп»,
Тұрмадым оны елеп көп.
Уәделі жерге мен «байғұс»,
Келемін тағы дедектеп.
Бәлденіп жатар күш бар ма?
Алқынып жүрек, ұшты алға.
Қияннан күтіп ал дейсің,
Сынауға жаның құштар ма?
Өзіңе дәйім бөлем де ой,
Назыңа барлық көнем ғой.
Бұлданып үйде жатар ем,
Бір минут сенсіз - өлем сол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу