Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  96


Автор: Айтқали Нәріков‎

Сенім

Бұл кезде таңым нұрлы, түнім Айлы,
Мөлдірмін хрустальдай-шыныдай бір.
Жыр жазып жүрмін қазір жасыл бақ пен
Балкөмей бұлбұлдардың үні жайлы.
Бас шұлғып, әркімге бір жағына алман,
Күтіп түр арман, тілек, бағым алдан.
Жан емен жеңіл тұрмыс іздейтұғын,
Кездессе оңай олжа қағып алған.
Келгем жоқ бұл өмірге бекерге мен,
Өмірден қалғып-мүлгіп өтер деме.
Қаратау қыранындай кектене ұшып,
Жетіп бір жығылармын, жетер жерге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу