Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  113


Автор: Айтқали Нәріков‎

Сәндібек Әлібековке хат

Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Келеді әр күнімді алтындағым.
Көп күнім алтын болмай, жез боп шығып,
Қурайдай желді күнгі қалтылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Алдында, біреулердің артындамын.
Басымды тікпедім мен бәсекеге,
Мінезім ыссы, бірақ салқын қаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Озғым кеп қатарымнан талпынбадым.
Алалап адамдарды жүргенім жоқ,
Болса да қалтам жұқа, жарқын жаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Белгілі мезгіл жетсе, сарқылмағым.
Келемін мазасыздау тірлік кешіп,
Өзімше ойлауменен халқым қамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу