Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  227


Автор: Айтқали Нәріков‎

Өлең маған өкпелі...

Белгісіз ғой енді қанша тұрмағым,
Жетті, жетті осы сайран құрғаным.
Өспеген соң жаңа гүлдер, жас гүлдер,
Солғын тартып бара жатыр жыр-бағым.
Қиял құсым ұша алмай тұр алысқа,
Тұлпар көңіл түсе алмай тұр жарысқа.
Жеңіл қызық желігіне беріліп,
Дақ түсіріп алғандаймын намысқа.
Деп жүргенде: «Отырысты жалғайық»,
Қалам-қағаз күтті қанша сарғайып.
Өршіл мінез өлең маған өкпелі,
Босқа өткен күндер үшін салды айып.
He істеймін жасып қалған көңілді,
He істеймін ашық қалған көгімді.
Жаныңды жеп, жазбасаң жыр баянсыз,
Сондықтан да болмақ емес өмірлі.
Табандының әрбір қимыл, ісі құт,
Айтатынын алар іштей пісіріп.
Жеңіл ойлау жыр жолына жүрмесін,
Кеш болса да тұрмын қазір түсініп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу