Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  119


Автор: Айтқали Нәріков‎

Оралға оралғанда

«Оралым шықты алдымнан,
Оралым, менің Оралым...»
Қасым Аманжолов

Оралым, сол аязың, бораның да,
«Ақ тайлақ» ойнақтап жүр орамыңда.
Жүгіріп шықты, міне, қарсы алдымнан,
Асыққан баладайын қол алуға.
Кезінде талбойлары қызған ғой көп,
Киіпті теректерің мұздан көйлек.
Бақтарды серуен құрған танымадым,
Ойладым - жастық менен озған ғой деп.
Есіңе түстіме ісім бұла күнгі,
Әйтеуір, сағыныпсың ұланыңды.
Аязың ашалауын қояр емес,
Үсітіп жібермесін құлағымды..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу