Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  110


Автор: Айтқали Нәріков‎

Мінезім

Бұл жырды кеше ғана бастап тұрып,
Несіне мәз болайын сақ-сақ күліп.
Мен сізге ақкөңіл боп көрінермін,
Қайтейін, жаныма жат асқақ қылық.
Ал, біреу жатса сөзбен шаншып, атып,
Кетсе егер намысыма қамшы батып,
Жанымның тазалығын қорғап қалам,
Қара тер, қызыл қанды тамшылатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу