Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  149


Автор: Айтқали Нәріков‎

Мешейім

Мақсот Ерниязовқа

Кеп қалған сезім селін жасқамадым,
Тағы да ауыл жыры бастағаным.
Мен туған Мешей деген бір ауыл бар,
Сыртында Каменканың - Таскаланың.
Caп тopaп жол шақырып тұрғасын ба,
Көп жерді араладым бұл жасымда.
Көңілім тағат таппай күтемін мен,
Мешейге оралатын күнді асыға.
Сарғайтты сағыныштың шағы келіп,
Қалайды көңіл шіркін тағы нені?
Мешейді қалай ғана ұмыта алам,
Іздерім сәби кезгі қалып еді.
Бүгін бір өкпек желдей есейін дe
(Бірақ та отырғам жоқ бөсейін деп).
Әкемнің көзін көрген екі-үш қарт бар,
Мен үшін Мекке - сонау Мешейімде.
Мен мұнда кетем бірден арайланып,
Тәтті нәр таңдайыма тарайды анық.
Әкемнің жігіт шағын алады еске,
Тәкең шал маған тура қарай қалып.
Өстім мен жүрегімде сақтап арман,
Бір сенім бара жатыр бастап алға...
Қалайша көлгірсимін, туған аулым,
Атыңды шығардым деп мақтапа алман.
Бірақ тa қатарымнан кем емеспін,
Және де ойсыз, отсыз демеді ешкім.
Мешейім, барымды мен сарқып беріп,
Өшсем де, армансыз боп келеді өшкім.
Бұл күнде орманмын мен, деме тақыр,
(Ұлдарым өскен кезде неге татыр?..)
Әйтеуір сен түсірген сол даңғыл жол,
Мені әлі алға бастап келе жатыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу