Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  155


Автор: Айтқали Нәріков‎

Маңғыстау

Бұрын өңсіз жон еді бұл аралар,
Бүгін бос жер таппайсың сына қағар.
Жер төсіне қадалған темір діңгек,
Айдала самсап тұр мұнаралар.
«Маңғыстаудың білерсің күшін әлі,
Ең алдымен ырыстың түсін дәмін», -
Деп әзілдеп жайнаң көз жақсы құрбым,
Қос шеңгелдеп мұнайды ұсынады.
Оңай олжа, алмайды ырыс күреп,
(Мұнай, алтын, оларға күміс керек).
Кәсіпкерлер жат жұрттың жүріпті ғой,
Бұл даланы талай жыл тіміскілеп.
Баба өтіпті деп қойып: «хақ, тағала»,
IIIоқ тұлыпты келіні caп табаға.
Жер анамыз әлде осы бар байлығын,
Ұрпақтарға келешек сақтаған ба!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу