Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  124


Автор: Айтқали Нәріков‎

Құштарлық

Екі келмес, бір-ақ келер өмір бұл,
Солмасын тек, солмасыншы көңіл-гүл.
Жанарымыз жұмылып бір кеткенше,
Жетелейді арман-сағым көгілдір.
Түссектағы күніне сан «жарысқа»,
Жүреміз біз ойда арманды дара ұстап.
Уысқа кеп түсті-ау деген сәтте ол,
Бір жалт беріп, кете барар алыстап.
Шаршап ұйықтап, оянамыз әлденіп,
Жолға тағы шақырады таң келіп.
Арман, шіркін, кетіп бара жатады,
«Мен мұндалап», әрбір жерден шаң беріп.
Болсын тіпті қаншама ол табанды,
Кезсін, мейлі, қалам менен даламды.
Осы жасқа келгенімше көргем жоқ,
Арманыма жеттім деген адамды.
Тағдырымыз етпесе де іштарлық,
Тірлікте бұл бітпейді екен іс барлық.
Ғұмыр бойы жеткізбейтін себебі,
Арман деген - өмірге осы құштарлық!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу