Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  111


Автор: Айтқали Нәріков‎

Қос еңбеккер

Таң алды, жұрт ұйқыда, бұйығы маң,
Жүрекке тұр бір ғажап құйылып ән.
Ұялтып тастай ма деп келесі күн,
Отырмын түспей түннің иығынан.
Сан қағаз шимайланды, нөсерлеп тер,
(Кей «білгіш» бұл ісімді «бос ермек» дер).
Жыр жолын дәптеріме тізіп жатыр,
Шыдам мен шабыт деген қос еңбеккер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу