Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  118


Автор: Айтқали Нәріков‎

Қарақия

Қара нардай қасқайып тұрасың да,
Бұйра бұлтқа «өркешің» ұласуда.
Жолаушыны жеткізбей шаршатасың,
Бір асудан жетелеп, бір асуға.
Оңға-солға жолыңды шарып,
Бірте-бірте кетесің биікке алып.
Жоғарыдан төменге қарағанда,
Қалар бір сәт өмірің тұйықталып.
Төзімімді сынауға бекідің шын,
Алда жеті асуың - жеті мүшең.
Тас қамалды осы бір aшy керек,
Жетібай мен Өзенге жету үшін.
Тастағысы келгендей ықтырып бір,
Құрмет етсін дегендей тік тұрып кел.
Шомбыл мүсін, шоң мінез Қарақия,
Маңғыстаудың өрлігін ұқтырып тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу