Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  101


Автор: Айтқали Нәріков‎

Кеш

Көмкеріп алау нұрмен шетін кілең,
Күн ауып бара жатты екіндіден.
Көп тұрдым бақ ішінде сені күтіп,
Сүйдіріп ақ самалға бетімді мен.
Өзіңмен болмаса да ара қашық,
Төзімім кемерінен барады асып.
Ұйтқыған сезімімдей әумесер жел,
Қойынын жас талдардың қалады ашып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу