Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  112


Автор: Айтқали Нәріков‎

Кетсем алып...

Сағынған күнін санап асқан айдың,
Ұлыңда жоқ өзіңнен басқа уайым.
Жүрсем де жұмыр жердің қай шетінде,
Ойымнан сені екі елі тастамаймын.
Көргенде қариялар қауқылдасып,
Тұрады дос құшақтар ауқымдасып.
Мен саған, өскен өңір, келіп жүрем,
Көл-көсір көңілімнің мауқын басып.
Жатса да қарсы алдымда мың сан айдын,
Оларға күшімді онша жұмсамаймын.
Өзіңе қайта оралар шағымды ойлап,
Тағы да сол баяғы күн санаймын.
Арманды сенен басқа шетке қағып,
Бұл жырды отырғам жоқ, текке жазып.
Жұбаныш сағынышыма болар ма екен,
Бір уыс топырағыңды кетсем алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу