Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  167


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ізгілік

Шарлап бір жүрсем туған өлкені мен,
Қайда да өрлік көрем өркені кең.
Көркіңе көз тоймайды, о, туған жер,
Сен барлық жер біткеннің көркеміме ең?
Ізгілік - біздер үшін ата қалып,
Жүрміз ғой Адам деген атақ алып.
Қаласаң, жүрегімді жұлып беріп,
Сүйейін топырағыңды жата қалып.
Ешқашан емеспін мен тосын адам,
Қияннан бақытымды тосып алам.
Өзіңді жырлау үшін жаратылды,
Сезімі селден бетер осы балаң!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу