Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  161


Автор: Айтқали Нәріков‎

Заман

Мына заман алағай да, бұлағай,
Өтіп жатыр жағдайымды сұрамай.
Тірлік қамы тұралатып жүрсе де,
Көңілімнің бүгінде тұр Абай!
«Жазғаныннан теңге түссе бір сәрі,
Осы күпі кетіп тұр, - деп, - жыр сәні».
Өлең сөздің киесінен қорықпай,
«Ақылгөйлер» маған кейде ұрсады.
Жөн еді ғой маңдай термен келсе құт,
He берсе де, еңбекке сай берсе құп.
Олай емес, олай емес өмірде,
Жатыр бәрі басқа жолмен өлшеніп.
Шын зиялы ар-намысты келеді,
Іс тындырса, тындырады келелі.
Өлермендер өтімді боп тұр қазір,
Ойлыларға құдай қашан береді.
Болашаққа жолдап өлең, жолдап ән,
Күні-түні мен тынымсыз толғанам.
Сарқылмайды қаламымның қуаты,
Дем береді, дем береді сол маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу