Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  109


Автор: Айтқали Нәріков‎

Жыр келмесе...

Бір жұмбақ ой мазалап неше күннен,
Шаршап жүрмін, соны әсте шеше білмей.
Қаламымды қолыма ұстатқызды,
Жеті түнде жұлып aп төсегімнен.
Жарым жатыр тәтті ұйқы құшағында,
(Оның ешбір ісі жақ құса-мұңда).
Ал мен болсам отырмын кірпік ілмей,
Көкірегімді кернетіп күш-ағынға.
Қиын екен жыр келмей, аңтарылған,
Шапшып шығып кетердей қан тамырдан.
Қалам ұшы қадалды бір нүктеге,
Сәйгүліктей қазықта қақтарылған.
Қиналумен қанша әлі күн өтеді,
Сарқылдым ба, апыр-ау, бұл не тегі?
Өлең тумай өзегім өртенгенде,
Күдік келіп көңілімді жүдетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу