Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  153


Автор: Айтқали Нәріков‎

Егінжай

Егіннің ырыс сыйлар бай танабы,
Самалмен жайлап қана жайқалады.
Елестеп көз алдымда тay-тay астық,
Көңілім молшылықтан жай табады.
Қыр жолы бара жатыр жыраққа алып,
Егінжай барлық сырын тұр ақтарып.
Ақ бидай кабинаға үңіледі,
Асығыс сапар жайын «сұрап» қалып.
Егінжай жетелейді алға дәйім,
(Қашанда далама мен сай болайын).
Осынау байтақ байлық авторлары,
Диқандар, өздеріңнен айналайын!
Диқанның күні сынақ, айы сынақ,
Жүрелік егінінің жайын сұрап.
Ал қазір өсірген сол мол астықтан
Тұрғандай жердің белі қайысып-ақ.
Егінжай, тек егінжай, қайда қара,
Алтын дән, тек алтын дән ойда дара.
А қтілеу анамызды қуантайық,
Тезірек машинаңды айда, бала!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу