Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  192


Автор: Айтқали Нәріков‎

Албырт шақ

Жас кезіңде биік болар арманың,
Бақыт әнін шырқап тұрар жан-жағың.
Өткен күндер өзгеше бір қызықты,
Ғажайып боп елестейді алдағың.
Өмір бойы кім серілік құрыпты?
Мойындайсың ата салт пен ғұрыпты.
Бойдақтықтың ауылынан алыстап,
Мойыныңа ілдіресің құрықты.
Өзің де жас, жарың да жас, көңіл - гүл,
Аспан ашық, көкжиегің көгілдір.
Кенелесің бір көл-көсір бақытқа,
Мәңгі есте қалатұғын кезің бұл.
Құдайдай-ақ сенесің сен досыңа,
Көбейесің, досыңа дос қосыла.
Жақсы, жаман бір жүрерін ойлантпас,
Еш алаңсыз албырт шағың осы да!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу