Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  164


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ақын Роберт Бернске еліктеп

Нәзік сазға ауысып отты өлеңім,
Терезеңнің алдына көп келемін.
Ең болмаса, әйнектен қарасаңшы,
Жанарымды телміртпей текке менің.
Сен болмасаң, қабағым ашылмайды,
Сен болмасақ, жігер - құм, басым - қайғы.
Жарқ етіп бір көрінсең, жарығым-ау,
Қайта жайнап кететін асылдаймын.
Көзі бітіп, шау тартқан бұлақтайын,
Жанарымда бір үнсіз сұрақ дәйім.
Жаутаңдатып сен мені қоясың ба,
Босағаңа байланған лақтайын.
Бара жатыр сарқылып бұлағым-ой,
Бір зілдей жүк иыққа сұлады ғой.
Әміршісі әлемнің Күн де мына,
Тәулігіне бір рет шығады ғой!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу