Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  158


Автор: Серік Сейітман

ПАРЫЗ

Шариғаттан білмейтұғын шалды аят,
Өтермін мен, мен өтермін мәңгі аяп.
Қарыз деген – алғаныңды қайтару,
Парыз деген – қарыз болу алмай-ақ.

Қазақ болып сайрап жатсын әр ізің,
Қасқа жолдан тайқып кетпеу парызың.
Парызының парқын білмес бауырым,
Қазағыңа қайтар, қане, қарызын.

Адал болып ішіп-жеген кіл асы,
Көп алдында кем болса да кінәсі,
Мойынында қарыз кеткен момынның
Махшар жақта кешірілмес күнәсі.

Кір жұқтырма «Қас сақ» деген әз атқа,
Осы жолда жаныңды сал азапқа.
Қазақтықты тану парыз қазаққа,
Қазақ болып қалу парыз қазаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу