Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  120


Автор: Айтқали Нәріков‎

Бұлбұл

Пернесін күйсандықтың басып қалып,
Өлең - сел төгіледі, тасып барып.
Жыр буған жас жүрегім лүпілдесе,
Кетеді жолдар мені қашыққа алып.
Ал олар төзімімді таусып алмай,
Тынбайды қыр кездіріп, тay шығармай.
Сол сәтте сезінемін, көмейімде,
Бір емес, мың бұлбұлдың даусы бардай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу