Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  89


Автор: Айтқали Нәріков‎

Біз сыр ашқан...

Қоштасқан соң қызулы шақтарыммен,
Елтімейтін болыппын бақтағы үнге.
Бірақ сонау қызығы мол күндерді,
Көкірегіме мәңгілік сақтармын мен.
Сағыныштың кеудемде нұры жанып,
Әкетеді ойымды бұрып алып.
Біз сыр ашқан адал дос ақ қайыңға,
Жүр-ау қазір бозбала іні барып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу