Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  153


Автор: Айтқали Нәріков‎

Бейтаныс ару

Қосылма, қосыл мейлің, еріктісің,
Түседі бірден көзге көрік, мүсін.
Ажары сол арудың тұрады ылғи,
Алматы апортының беріп түсін.
Ол менің емес тіпті танысым да,
(Беймаза ой соңғы кезгі табысым ба?)
Алдыңнан шыға келсе, алқынасың,
Адамдай түсіп тұрған жаны сынға.
Әйтеуір, көңіл шіркін алабұртып,
Бақшамнан жыр құсы да барады үрки
Көгінен көңілімнің кетпей қойды ол,
Бейне бір бұла мінез бала бүркіт.
Десек тe бір қарап-ақ ұғалықшы,
Нәркес көз тырп еткізбес бұғалық шын.
Аруым, қарсы келсек, сен өзің де,
Ұрланып қарайтынды шығарыпсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу