Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  141


Автор: Айтқали Нәріков‎

Бастан кешіп...

Төңірегім мұнша неге тарылды,
Кешіп келе жатқандаймын жалынды.
Оңымды ор, солымды cop қоршап aп,
Тығырыққа тіреп қойды жанымды.
Қозыкөш жер болып қалды өрісім,
Ұмтылмайтын болдым алға төр үшін.
Ой мен сана екі жаққа тартады,
Таласады, таппай ешбір келісім.
Кімдер бастан кешті екен бұл жайды
Үміт кеміп, күдік деген ұлғайды.
Бітімі мен бет-бейнесін көрсетпей,
Бір елестер алыстан қол бұлғайды.
Аңдай алмай олардың не екенін,
Тылсым күштің жетегінде кетемін.
He де болса, мойынсұнып тағдырға,
Бұл өмірге разы боп өтемін.
Қай кезде де дария - құт, жас - үлгі,
Жалғайды ұрпақ ғасырларға ғасырды.
Бұл жасыма жасқанбастан кеп тұрмын,
Тауға соғып, тасқа соғып басымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу