Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  148


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ән әсері

Қайтесің көмейіңде тізіп жүріп,
Шырқай түс әніңді, інім, үзілдіріп.
Қоштасқан көктеміммен табысайын,
Тұрғанда есігімнен күзім кіріп.
Жайықтай тy алыстан басын алған,
Сырлы саз бара жатыр тасып алға.
Бір сиқыр дүниеге ұрдым құлаш,
Алдымнан арайланып асыл арман.
Домбыраң дауысыңмен үндеседі,
Сал көңлің сая бақта гүл кешеді.
Өмірің қазір сенің сияқты ән,
Мен үшін мұның бәрі - күн кешегі.
Жұрт тарқап, қаламын мен кілең кейін,
Өйткені, ән мен жырға жүрем бейім!
Құлпырып кеттің сәтте, қайран көңіл,
Ақ қарға қағып алған кілемдейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу