Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  151


Автор: Айтқали Нәріков‎

Арман

Өміріңнің шығатұғын төрі қып,
Жүру керек бір мақсатқа беріліп.
Арман шіркін жетелейді адамды,
Бірдежақын,бірде алыстап көрініп.
Ұзақ па әлде, бұл өмірің қысқа ма?
Алға қарай ұмтыласың күш сала.
Кейде өзіңе риза болып жүресің,
Тындырғандай бір керемет іс дара.
Ал кей кезде баспай алға адымың,
Көмескі боп кетер көрген жарығың.
Өмір зая өтіп жатқан секілді,
Өкінішпен шығар іштен зар үнің.
Нағыз ердің арқасында ел жүгі,
Мұның өзі барша жүртқа белгілі.
Қуанғанын көріп қайран халқымның
Жүрсем екен ғұмырымда ендігі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу