Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  120


Автор: Айтқали Нәріков‎

Аңсау

Сағыныш жүрекке мөр басыпты мың,
Келемін талай қырдан асып бүгін.
Кеудемнен қиял құсы сен деп ұшса,
Білінбей кетеді екен қашықтығың.
Дей алман: «Өзің келіп бас ұр маған»,
Мен қайта сені іздеймін асыл далам.
Туғаннан көз алдымда көлбесең де,
Құмарым бір сәтке де басылмаған.
Қолыма бұрын-соңды ілікпеген,
Гүлімен қарсы алып тұр, күліп белең.
Бұл жасым жерортаға таяғанда,
Енді-енді қадіріңді біліп келем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу