Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  154


Автор: Ақмаржан Таубаева‎

Май самалы

Мамырда - майда самал еркелеген,
Табиғат тамылжиды ертеменен.
Мамырда - мамыражай Жер-Ана да,
Мамырда сезім бар ма селдемеген.
Сілкінген тұр байқадым тіршіліктен,
Қашан да күлімдеген жүрші үмітпен.
Қарашы, сызылуын май күнінің,
Бұлбұл құс сайрап тұр ма жыршы күткен?..
Жеп-жеңіл желпіп өтсе май самалы,
Көңілің жастық шақтың айтады әнін.
Жағалап жүріп қайтсаң Жайық жақты,
Астан-кестең көңілің жай табады.
***
Аппақ таңдар арайлап,
Гүл атады қызыл тал.
Жайық жаққа қарайлап,
Ән салды ару сызылта.
Алыстап ән үзілді,
Самал есті ғайыптан.
Ал құрбылар тізілді
Жағадағы қайыққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу