Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  134


Айсұлу Рүстемова‎

Таулы шаһар

Есітемін үлкен қала дуылын,
Кім біледі аңқауы кім, қуы кім?
Таулы шаһар - танымайтын үй сынды,
/Тау ішінде ит те өзге ұлыды./
Танымасты сыйламайды, құрбының
Үйі -сарай. Сарайларға кірді кім?
...Тас үй салдық.Кесек үйді менсінбей,
Құрып бітті сол тастарға ындыным.
Бұл ындынды...
Болар оған бір тәужім.
Жеп қоя ма болмысымды мылқау мұң.
Тас қамалып, тас керең боп қалар ма,
Орынына сезім, ойым шырқаудың?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу