Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  114


Айсұлу Рүстемова‎

Өзегін өрт алып кеткен

Өзі аз сәуле.
Несі қалды бітпеген?
Қуыршақтай қоя алмадым түкке ден.
Өзегін өрт алып кеткен.Енді оны
Анасы да ағарта алмас сүтпенен.
Сөз де, ой да сияқты елге кіл әйгі.
Қаңғыбас мұң менен нені сұрайды?
Жақсы өмірден дәмесі бар бір мұңлық
Жүрегіме кіріп алып мұңайды.
Сексеуілдің жасайды не күлінен?
Түрі игінің түсінен де түңілем.
Жоғалам ба жол таба алмай жоқ болып,
Тірі жүру бүгі менен шігінен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу