13.07.2021
  370


Автор: Сәрсен-Бек Сахабат

ЖУСАНЫ ЖҰПАР ЖАЗЫҚЖҰРТ

Тәңірлік атауларға қайдан жетсін.

Текті демек жергілікті-бұндағу/байырғу/байырғы. Тура сілтейді жүрер жолымызды, қысқа-нұсқа, ойға-бойға қонымды да жарасымды. Тәңі-эллин тілінде «тоес», осыдан Батысқа сіңіскені – тео. Тағы бір термин «палео» - археологияның сөздік қорынан. Туғанымның мыйын ашытып, санасын сапырмау керек. Тәңірі десем дөп түсінер. Тұра қашатын қожа-молданы қайдам, ол енді бұлардың бас ауруы. Тілеуімізді Тәңірі берген һәм тойымызды тарқатпаған, төбемізден өпкен елміз. Тегінен қашқанды тексіз дер. Тырп еткізбейді, зыр жүгіртеді. Танымның тұғырын айтам. Тәңірлік жер-су атауы Йасы қалай Түркістанға айналды? Төбемізден тоқпақ кетер емес. Тарихи хронология Ер Тәуекел, Ер Есім заманынан әріге бастырмаса, сапырма сопылық сарын Йассауи заманымен шеңгелдейді. Тәңіршілдікті – Көк Түркіні, Көк Өкүзді тағылыққа жатқармақшы кім? Тоңқылдаған өңкей өзім білермен Бұқар-и шәріп, Қоқанд-и латиф, Сайрам-и сарнауық, отаршылдық оқпаны- түркітану (шығыстанудан бөлек енші алған саласы) білімі.

Турк-и стон. Талай жерде турасын айтып елді көндіре алмай келем.Таптаурын мағынасы - бодан түркілер. Түтіп жемекші кім Керей мен әз-Жәнібек керген керегелі Қазақ Ордасын? Тепсініп 1500 жылы жеке шаңырақ көтерген Бұқар әмірлігі, М.Шайбанды ақ киізге салмаса да нақ шпандийа шайқылары жалған сәйид шапанын әмірінің иығына жапқан. Түрікті бодан етеміз деп Қорасан, Ғазна дін иелеріне пәтуа шығартып қазекемді «айкәпір» жариялатты. 1509 жылдың қақаған қаңтарында Арқұққа тарпа бас салды. Түркістан, әлбетте, жалғыз Йасы яки оның төңірегіндегі бекініс қамалдары ғана емес, бүгінгі жағрапия тіліндегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Тараз төңірегі, Ферғана облысы – Қазақ Ордасының күнгейі. Талай қателігіміздің, жаңсақ жорамалымыздың түбірі неде? Тәңірден қорықпайтын болдық: өткеннің өрелі өтмұшін бүгінгі ұлттық, жүздік-рулық, тілдік сипаттамамен сыдырта жазып месқарын сылдырға сеніп семіріп жүргенімізде.

Текемет тілгілемек тасыр ойдан аулақпын. Талабымды тасқа шабылдырғанды да бастан кештік. Тәңірінің төл ұрығынан қалған Қазақ рухына бола, әрине.

Йасы-түйетабан тегіс һәм дөңгеленген жазық.

Йасықалға – жазықтағы қалға (қорғаныс қамалы), араб емлесіне ауысқалы тәңірлік «ғ» литургын мүлдем сыпыра салдық яки парсылық «х», араби «һ» протезелеріне айырбастап жібердік; қалға-қала, ғырат(қырат) – герат, һират т.б; бұл да болса неокипчак Олжас көкемнің баур, таур (тәуір), саур (сауыр, сәуір) дегені сияқты құры жаңғалақ. Йасы – политонимге (саяси атауға) айналса Субғанақ (Сығанақ) та, тіпті аз уақытқа орталыққа таңдалған Сауран да Йасыма кротопонимінде орналасқан. Алайда Ақ Орда (Жошы ұлысы) мен Қазақ Ордасынан бөлек Орда яки хандық құрған емес. Тәңірлік жер-су атауына (теотопоним) әр нәрсені жылтырақ деп таға беруга сірә болмайды. Тұран қаласы – Йасы. Турасы осы. Түп-тұқияннан. Тәңірінің түзу назарындағы жазық (йасы). Түркі қаласы Йасы, академик Веселовскийдің «Афрасиаб қалалары», академик Бернштамның «Оғыз қалалары» теорияларын жаңаша тұжырымдау керек – ақ. Тәңірі алқаған ел екенімізге, бәлкім, сонда көз жеткізерміз:

Йенжу – Мәру (Марв), бүгінгі Байрам Али

Нұһқалға – Нуджикент, Байкент/Пайкент, Бухор – ишариф

Сақ Мараканд – Афросиаб/Самарқанд

Сақ Дағоазисі – Согдиана; Сақтауы

Қара қол – тау өзенінің қолтығы (саласы, қол); Зар (зер алтын) – об(су) – шан(тау)

Таштқалға – таштақ; Таш/Чач/Шаш-Биноканд-Ташкент

Үкүзкент - өзен бойындағы атақоныс; Үзкент – Ферғана

Өгізкент - Өкүз атақонысы

Хоу(өгіз, парсыша) канд-Коканд-Қоқан

Саққалға – Са(сақ)рийам(қамал, пехлеви) – Сайрам

 


Тәңірлік қалға мен қанды айырмасын ежіктемей тағы болмас, қан-ата, қанды (канд) – атақоныс, мұнан ешқандай «иран» тілінің «хош иісі» бұрқырамайды. Тәңіржазығы – Йасы. Тәңір суы - Өкүзсуб (Сырдария). Тәңіртауы - Өкүзғарда (Егізқара, Қаратау). Теоним Узлағ/ Созақ – Көк Өкүз елі, Құмсаба (Жаңақорған), Құм елі (Құм-и-ан) де өз мәртебесіне қайтар еді-ау.

Түркітанудың теміртақымы, Қоқан кустаршинасы, сарпай-шапан шығыстану шымшымасы бас көтеретін емес. Танауын көтере – көтере тым дандайсып алған мардым немелер. Тұмауын жұқтырған культравирус. Түкпен ісі жоқ. Тоңмойындар Йуғнақты сонымен йүгінек/жүйнек, Қарнақта қар қазып кеткен. Тұнып жатқан жер-су атауларының тәңірлік қаймағын сыпыра соғып жегеннің аузы май, ұрты қан.

Түркістанды бодан етпекші Бұқар, Қоқан, Ресей Сырдаң басынан аяғына дейін сылдыр су, сасыған лайқыға айналдырды, ең көне қалалық мәдени аймақты әркім өз біленінше табанына таптады. Турк-и стон 1500-1598 жылдар арасындағы Сыр бойына таласқан жүзжылдық соғыс, жеңімпаз қазақ ордасы жарқын беттері. Ел еңбегін өтеген өрөтүміш.

Түркістанға мәдени әлімжеттікке сілтедік.

Турк-и стонға шапқыншылық (1799-1815) орыспен қолтықтасқан үр жаңа Қоқан хандығының (1799-1876) татымсыз тауарих-намасы, шалағай (кустарщина) шапшаң шежіресі. Туасы қоқанның ханы болмасын, жергілікті бегі – қаратәжік шаһы болмасын Йасыны «Еси/Яси» дегені болмаса Түркістан атауын бас-көзсіз ешкім тықпаламаған.

«Турк-и стон» сандырағының қала атауы – Туркестанға айналғаны 1864 жылғы ақпатшаның отаршыл жорығынан кейін. Түркістан облысы оның ізінше Түркістан жандарал-губернаторлығы құрылғаннан бастап. Тым бертінде, демек жер-су атауларына орыс үрдісі енгеннен соң. Ташкент-жандарал-губернаторлық орталық.

Төлтаным – Көк түркі. Түп-тұқиян – Көк өкүз – Көк тәңірі. Тілім таңдайыма жабысып кеуіп барады. Тұщынбағасын, әрине. Ташқанақ, Шорқанақ, Субғанақ, Ғарқанақ т.б. теотопонимдері бас-көзсіз өзбек тілінің қойын-қонышына қойып кете беретін болғасын. Тәңірге қайтсем тұщынамын. Тұран замандығы. Тоңғарқият дәуреніме. Толағай эпос «Ар Алпамысты» аңыз деп, өтірік деп, өмірде болмаған деп танытып белінен сызылған. Тапырақтап келеміз. Таңсық көреміз біреудің қаңсығын. Тұран заманын орта жолдағы оңғақ Оғызға шідерлеп матай салдық. Түркі жазғанның ата тіліне (праязык) қайтқаны жөн, сонда ана тіліме қан жүгірер, көзі де шырадай жанар.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу