Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  133


Айсұлу Рүстемова‎

Маңғыстау - ән мекенім

Курстастарыма

Маңғыстау - маң мекенім,
Жүрегімнің түбіне жасырынған
Сезімдей. Ұсынып бал-шекерін-
Жанымда тасынуда ән.
Бұйрат құмдар - суретіндей,
Үлпілін әлде дірілін бейнелеген
Самалдың. Ие бермей жүгіретіндей
Баладай ес кірмеген жейдеменен.
...Кештері - дәм секілді таңдайдағы
Тамсанып, қоя алмастан жұтынасың.
Халқымның жұлдызындай маңдайдағы
Қарт Каспий - қарайтындай құты тасып.
Қаратау... көпті көрген шығар алаң.
XXI ғасыр тұр, екпіндемек.
Құм іші солқылдаған мұнаралар,
Жазығын сұрадың ба көптің не деп.
Өз керегін өзіңнен табады әркім,
Маңғыстау, сеніменен ақ тілегім.
Өрлік пен ерлік салты, дана халқым.
Қойныңда қалып бара жатты сенің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу