Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  122


Айсұлу Рүстемова‎

Маған бүгін хат келмеді. Неліктен?

Маған бүгін хат келмеді. Неліктен?
Ұмытты, әлде ол асығып жөнелген.
Көктем емес, күміс күлді төбемнен.
Шығанақта кеме тұрды еріккен,
Бүгін маған хат келмеді, неліктен?
Кеше емес пе еді оны тіпті көргенім.
Ол менікі, ғашық және тым ерке.
Ақ қыс еді ол, көктем енді күл ерте.
Көктем мұңы, тым ащы екен бергенің,
Кеше сынды еді оны көргенім...
Бір үн естіп: бойым содан тітірер.
Өлер сәтін күткен жандай ыңырсып.
Жеңіл дыбыс тұрып алды қылымсып,
Нәзік үнді... қалай жазып бітірем?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу