Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  145


Айсұлу Рүстемова‎

Қызыл көйлек

Күндерді сонау ойша кезгенім
Көлегейлесе жүзімді өзге мұң.
Бірге жүргенде айтушы ең ылғи
Ұнайды деп те қызыл көйлегің.
Тырыспасам да ұнауға саған,
Жылағым келсе жылай да салам.
Қызыл көйлекті қыз кездесті ме,
Ол дағы мендей ұнай ма саған.
...Бұл күнде бәрі басқаша ,жаным.
Жанарымды сан жасқаған жалын.
Кигім келмесе қызыл көйлекті
Өзіммен қалай қастаса аламын.
...Өтті дегенге сенгім келмейді.
Өзгенің бағына төнгім келмейді.
Есіме сені сала бергені үшін
Қызыл көйлекті көргім келмейді.
Салып жүргенде тірлігім тезге мың,
Расқа айналды сенгенім, сезгенім.
Қызыл көйлектің, білмедің ,бірақ
Бейнелеп тұрғанын бақытын өзгенің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу