Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  421


Автор: Сарыбаев Қаныбек

АНАМА АҢСАЙ БАРҒАНДА

Садаға боп кетсем еді ә осынау көз жасыңнан.
Мен алыстан келегн сайын омырауыма шашылған.
Жыламашы, сен жыласаң мен булығып барамын,
Тіршіліктің айтшы қайтіп бәйгесін қаламын.

Жолдар болып жатыр менің алдымда әне сан арман,
Мен соларды талмай қуып жету үшін жаралғам.

Сондықтан да ұзақ жүрем, алысқа жүгірем,
Рас кейде тайып құлап, кейде қатты сүрінем.

Тоқташы, ана, бетіңдегі мынау жаңа сызықтар
Жүрегімді сойып кетті-ау, көңілімді бұзып сәл.

Білмеппін ғой өмірдегі айқұш-ұйқыш сапарым,
Жерден сіздің жүзіңізге көшіріліп жатарын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу