Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  181


Айсұлу Рүстемова‎

Қазан вокзалы.1996 жыл.

Сағынып елді,
Сағынып көлді күрсінбек.
Мәскеу де мұңды,
Күле алмай мынау тұр шілде.
Қазан вокзалын
Айналып келе беремін.
Жүрегім көнбей
Дегеніме еш дүрсілдеп.
Жаз бітіп қалды.
Сеземін тамыз, күз демін.
Көрмедім сені-
Күдерімді де үзбедім.
Жан танымаймын,
Жанына және бармаймын.
Көзіммен ғана
Қара көзіңді іздедім.
Платформалар,
Еңсені басқан шуы, лаң.
Суық көздерден
Жүрегім сәтте суыған.
«Қазақстан»!
О, «Қазақстан» келіп тоқтады!
Жетемін бе деп
Анам көргендей ұрынам.
Көбелек болып
Кетесің кейде жеңсе ерік.
Аспан мен Жерің
сезімнен кетер теңселіп.
Торығып тұрып,
тарығып тұрып қарадым,
Тотыққан өңі
қоңыр қазақ тұр-жолсерік...
Көңілім жылап...
Баса алмай қойды солығын.
Қазан вокзалын
айналып, қайта торыдым.
...«Қазақстаным»
ауылға қарай бас бұрды,
Құлағымда тек
Қазақтың үні-қоңыр үн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу