Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  163


Айсұлу Рүстемова‎

Күнделік

Жұбатсын сені кім келіп?
Біз бөлек өмір сүрмедік.
Қеудемде қалып бір әнің,
Өлеңмен жаздым күнделік.
Тола ма көңіл нұрға лық.
Ал, кейде мүлдем құр қалып.
Шырмауық ойға шырмалып,
Отырып қалам сұрланып.
Қоңырау күнім, жаңғырғай!
Сан күйге тілді салғызған.
Тапсырам, халқым, өзіңе
Жанымда кірбің қалдырмай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу