Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  131


Айсұлу Рүстемова‎

Күнәһар болар ма екенмін

Күнәһар болар ма екенмін
Қызуын сезбей күнгейдің?
Ниеті түзу бөтеннің
Жақынымын ба - білмеймін.
Көбірек мұңым күлкімнен,
Досым да, білем, аз ұқты.
Жаным да ащы жыр тілген
Нәзіктігінен жазықты.
Сүлесоқ қалдым , аңдасып,
Ойлардан қызыл от көсеп.
Өтер ме ғұмыр жалғасып
Түсініп ерте кетпесек.
...Өлеңге қайғы шектірген
Көп күнім босқа кетті шын.
Өзімнен ғана деп түйгем
Өмірдің көрсем тепкісін.
Түнеріп аспан әлемім,
Беймезгіл жұлдыз жиі ақты.
Сарайым ішкі , әдемі
Өртеніп кеткен сияқты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу