Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  107


Айсұлу Рүстемова‎

Күлсем күлдің.

Күлсем күлдің.
Күн де сүйді. Түн тұйық.
Қараспан тау
Қақырайды жыласам.
Көздеріме
Ұялады тұңғиық.
Сезім деген
Бағынбайтын бір асау.
Жердің үсті,
аспан асты кеңістік.
Тоқтап қалған
Тілі не дер сағаттың
Қара мұңды
Қалтыратып көп іштік.
Бір ақ қате
Мына менмін-ағаттық.
Түзеймін деп
Ол қатені ыршынба.
Күлкі де елес.
Болмасын дер Күнде ісің.
Жылы жүзің
Жымиып ап жүр суда,
Жөндейін деп
Оны дағы жүрмісің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу