Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  143


Айсұлу Рүстемова‎

Көзімді ашсам

Көзімді ашсам
Көлденең жосылар сағым.
Көгілдір күндер
Дейсің ба қосылар шағың.
Садаға кетсін
Көзімнің жасынан бәрі,
Ауаға айналған
арманды... несін аңсадым?
Ниет тек...
Бітпес мұңның бір толғауы ғана.
Жігіт боп кетті
Ойнайтын жолдағы бала.
Мен өтем осы
Мазасыз қалпымда білем.
Жолдағы бала
Үшін тек қорқамын, ана!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу