Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  106


Айсұлу Рүстемова‎

Келбетімді ашпай Мұңды мың ағын

«Келбетімді ашпай
Мұңды мың ағын.
Сәл нәрсеге
Бүліндім һәм жыладым.
Сынып қалып
Арманымның айнасы.
Сәуле күнді
Сабылыспен құрадым.
Сезіп сен де
Пиғылдардың құрығын.
Елсіз түнге
Қасқыр болып ұлыдың.
Ешбір аяқ
Ылайламас тұнығым,
Кеуделердің
Түсінбейді құлығын.
Мен жарыққа,
Жарық маған суыды!»-
Тартып қойып
Тыңдайды ол мұрынын.
Сен де түбі
Бір айналып қазыққа,
Суып, сағың
Сынып келерсің, құлыным!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу