Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  126


Айсұлу Рүстемова‎

Жапырақ - ғұмыр

Бір сырым бар. Кімге айтып наз ғыламын?
Күлгін түсті күндерден жаз құрадым.
Жапырақ жеңіл күрсінді, білмегендей
Тағдыры үшін кімдерді жазғырарын.
Жапырақ-ғұмыр айтады сізге нені?
Бәлкім ол да бір бақыт іздеп еді?..
Жаңбыр жанның мұңайған кездеріндей,
Жібітем деп шаршаған мұз денені.
Жаз өтеді -пайымда, пайымдама.
Жаздан қалған жақсы елес -уайым ғана.
Жапырағын жұлқыған тентек желмен
Сәл жатырқап тілдесер қайың бала.
Гүл мүсінін жел бұзып, мұң шағылып,
Момын күзден шығар деп мұнша қылық
Ойламаған емен де күзге еріп
Кеткісі кеп , көктемді тұр сағынып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу