Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  113


Айсұлу Рүстемова‎

Жалғаннан жарық таппай

Жалғанда кім бар бүтін арманы?
Байғұсты, бәлкім, шүкір алдады.
Қашатын мылқау, құса тірліктен
Өз еркімен еш құтыла алмады.
Солды дедік біз сезінсе гүлді.
Өзекті жансың-өзіңше мұңды.
Шошындым сенсең, кеңістіктен де,
Құбылып дүние, көзіңше күлді.
Аяқ басамын - жар-құз, мың ағын.
Сынған көңілді әр күз құрадым.
Сәулесіне малданып осы өлеңнің
Жалғаннан жарық таппай жалғызсырадым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу