Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  133


Айсұлу Рүстемова‎

Екеумізге ортақ, жалғыз бақыт бар. (Аударма)

Екеумізге ортақ, жалғыз бақыт бар.
Қоштасамын. Шығыста күбірлеп Күн.
«Ұмытпаймын!» дегенмін. Уақыт па?
Сендік сенім. Мен оған жүгінбеппін.
Ауада бар қанша тірлік белгісі?
Дәл бүгінгі бейнем бе ертең? Кім үшін?
Мына бетті қашан көрдім? Сенбісің?
Нені ойлаумен бүктім сонда бұрышын?
Қас қылғандай алған сайын кітапты
Бүккен беті ашылады әлгі іздің.
Қоштасулар мені ылғи жұтатты,
Өтпегендей сонан бері жалғыз жыл.
Жүрек тастан дедің. Оны құп алдым.
От екенін білгендіктен күйдің де.
Сені ешқашан ұға алмайтын шығармын
Жақынымсың? Әлде текке сүйдің бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу