Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  135


Айсұлу Рүстемова‎

Бір байлығым бар еді

Жүрегіме кірбіңсіз
Көзін салды нала сұқ.
Жанын берер құрбыңсыз
Кете алдың ба жарасып?
Осы жолдың әлегі
Көп сақтадым жоралғы.
Бір байлығым бар еді,
Белгісізге тоналды.
Күтемін бір ұлы той,
Не өзгеге, сөзге ермей.
Кергіді деп қызыр ой,
Кете ме әлде кез келмей?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу