Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  147


Айсұлу Рүстемова‎

Бәрі өткінші, тоқтамас, өмір-елес

Бәрі өткінші, тоқтамас, өмір-елес.
Несіне алдап кей-кейде желігеді ес.
Қымбатыңнан айырып, аяулыдан
Қуанатын алданып, жерің емес.
Жүрегімнің басынан тамған әнім.
Сезімдерім суынбай, жалға бәрін.
Елге келсем елп етер серпіліс жоқ,
Енді қалай елеске алданамын.
Санамды ояу жаратқан, қалғығым жоқ.
Сөзден сарай әдемі салдырам деп.
Құм ішінде ауылым. Түн. Ұйқыда ел.
Атар таңға отырмын алдияр деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу